Өз өміріңізге, күллі әлемге қаншалықты жиі рақмет айтасыз? 2/90

Өз өміріңізге, күллі әлемге қаншалықты жиі рақмет айтасыз? 2/90
жеке
блог

Адам баласының табиғаты өте қызық. Әдетте біз қарапайым заттардың бағасын білмей жатамыз. Иә, көремін, сеземін, жүремін, тыныс аламын, денім сау, Құдайға шүкір отбасым бар деуіңіз мүмкін. Солай болуға тиіс, солай емес пе?! Бірақ қаншалықты жиі өз өміріңізге, тағдырыңызға, Күллі әлемге рақмет айтасыз? Ойланып көрдіңіз бе?

grateful

Шындығында, өмірімізде бар нәрселерді жоғалтқанда сыйлай бастаймыз. Жо-жоқ, Америка ашайын деген ойым жоқ, бұл бәріміз білетін шындық. Дегенмен, адамзаттың көпшілігі өмірі үшін рақмет айтқысы келмейді, рақмет айтуды білмейді. Не себепті екенін білесіз бе? Өйткені, алғыс айтсақ, сол бәз баяғы қалыпты өмір кешеміз, ешбір алға жылжу болмайды деген қате түсінік.

Аз жалақы алатын жұмысыңызға рақмет айтып жүре берсеңіз, арманыңыздағы өмір сүруге жеткілікті қаражат табуға стимул болмайтындай көрінеді.

Өмір ілгерілеуді/өрлеуді талап етеді. Сондықтан бұл үдеріс маңызды. Алайда, сол биіктен табылу үшін қолда бардың бағасын білу өте қажет.

Кейде танысыңыздың өмірі неге менікінен жақсы, қай жерім кем деуіңіз мүмкін. Мысалы, досыңыздың қымбат көлігі бар немесе сүйкімді деп санамайтын құрбыңыздың айтқанын екі етпейтін, сымбатты сүйген кісісі бар. Білдірмесеңіз де, ішіңізде алай-түлей болып, өзіңізден мін іздей бастайсыз. Таныс жағдай ма? Бұндай менде ешқашан болған емес десеңіз, Сіз үшін қуаныштымын. Алайда, осындай күй кеше бастасаңыз, Сіздің қазіргі жағдайыңыздан төмен тұратын адамдарды еске түсіріп, деніңіз сау, басыңыз аман екенін ұмытпағайсыз. Сондықтан, алғыс айтып үйренуді әдетке айналдыру өте пайдалы.

/userdata/uploads/u66035/1444412674_l.jpg

Мен таңертең тұра салысымен, өміріме не үшін рақмет айтатынымды жазамын. Кешке бүгініме алғыс білдіруді ұмытпаймын. Қолда барыңа рақмет айтып үйрену ешқашан кеш емес.

Ал мен бүгініме не үшін рақмет айтамын:

  1. Осы күнді нәтижелі өткізгеніме;
  2. Туғандарыммен кездескеніме;
  3. Жаңа тағам түрін жасап үйренгеніме.

Осы күнім алғыс айтумен өтті. Бәлкім, Сіз де байқап көресіз?! "Философиялық шимайымды" оқығаныңызға үлкен РАҚМЕТ! 2/90

grateful1