Американдықтар «жоқ болып кететін» ұшқыш-робот шығарады

Американдықтар «жоқ болып кететін» ұшқыш-робот шығарады
Фото: vistanews.ru

Американдық DARPA қорғаныс агенттігі шығаратын ұшқыш-роботтар қажетті ақпаратты діттеген жерге дейін жеткізеді. Әскери тапсырма орындалған соң бұл аппараттар жоқ болып кетеді.

Ұшқыш-робот 1,4 келіге дейін жүкті GPS бойынша жеткізе алады. 

DARPA мәліметінше, аппарат жүктелген тапсырманы орындай салысымен, бастапқы шыққан жеріне қайтып оралмастан ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Әскери-барлау мақсаттары үшін шығарылған роботтың бұл функциясынан қорғаныс ведомствосына керегі де сол.

Американдықтар «жоқ болып кететін» ұшқыш-робот шығарады

Себебі ұшқан ізімен қайтып оралған жағдайда, құрылғы сарбаздардың орналасқан жерін қарсылас жаққа білдіріп қоюы мүмкін.

 

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы