«Қазақстан аруы-2015» ұлттық байқауының бас жүлдесі – 5 миллион теңге

«Қазақстан аруы-2015» ұлттық байқауының бас жүлдесі – 5 миллион теңге
Фото: misskazakhstan.kz

Биыл «Қазақстан аруы-2015» ұлттық байқауының жеңімпазы 5 миллион теңге алады. Былтыр бұл сома 1 миллионды құраған.

20 қараша күні 30 үміткер ару Астанаға келіп, байқау алдындағы дайындық жұмыстарын бастайды. Әдеттегідей шара аясында түрлі көрмелер ұйымдастырылады. Ал еліміздің ең сұлу қыздары халыққа отандық дизайнерлердің киім үлгілерін паш етеді. Бұл қойылым «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау үшін қолға алынған.

Сәкен Жақсыбаев, fashion-продюсер: 
– Байқау аясында біз «Қазақстанда жасалған» атты жобаны жүзеге асырмақшымыз. Отандық дизайнерлер өздерінің ең үздік туындыларын көрсетуге мүмкіндік алады. Ал «Қазақстан аруы» байқауында жұмыс істеген дарынды фотографтар бұрын-соңды ешбір көрмеде көрсетілмеген суреттерін халық назарына ұсынады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы