Илья Ильин Талдықорғанда өткен Спартакиадада алтын алды

Илья Ильин Талдықорғанда өткен Спартакиадада алтын алды
Фото: tn.kz

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Талдықорғанда өткен Қазақстан Республикасы спартакиадасында топ жарды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшы 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Сайысқа Илья Ильин, Алмас Өтешев және Жасұлан Қыдырбаев секілді талантты споршылар қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, Ильин 431 (191+240) ұпаймен бірінші орынды, Жасұлан Қыдырбаев 418 (188+230) ұпаймен екінші орынды, Алмас Өтешев 410 (180+230) ұпаймен  үшінші орынды жеңіп алды.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы IV Спартакиадасы бүгін аяқталды

М. Бисембаева