Нидерланд жаттықтырушысы Бауыржан Исламханды ерекше атады

Нидерланд жаттықтырушысы Бауыржан Исламханды ерекше атады
Фото: sports.kz

Нидерландықтар Қазақстан құрамасын ұтпаса, масқара болады, - деді олардың жаттықтырушысы.

Алматылық «Қайрат» академиясы кеңесші-жаттықтырушысы нидерландтық Реймонд Аттевелд De Telegraaf-ке берген сұхбатында Қазақстан құрамасы жөнінде, оның құрамындағы  Бауыржан Исламхан туралы айтты.

«Егер ФИФА рейтингінде 14-орында тұрған команда 142-орындағы команданы ұта алмаса, онда әрине жер болады. нидерландтықтар қорғаныста аса мұқият ойнаса ғана – жеңістің кепілі болады. Қазақстан құрамасында өте қауіпті стандарт бар. Ойыншылар физикалық тұрғыда өте жақсы дайындалады. Өткен жылғы матчта өздеріңіз көргендей, олар есепті биледі. Ойыншылар ішінде Бауыржан Исламханды ерекше атай аламын. «Қайраттың» капитаны, Амстердамда ойнаған жоқ, бірақ ол дарынды жігіт. Шабуыл кезінде өте қауіпті», - деді Аттевелд.

22 жасар Исламхан 2012 жылы ең алғаш 19 жасында Қазақстан құрамасында ойнады. Одан бері 3 жыл ішінде 15 матчқа қатысып үлгерді.

Еуро-2016 турниріне іріктеу матчы Қазақстан – Нидерланд арасында қазан айының 10-ы күні «Астана Арена» стадионында өтетінін естеріңізге саламыз. Бұл кездесуді «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.

@. @assel_assanova