«Еуразия барысының» финалында қазақ-өзбек балуандары белдеседі

«Еуразия барысының» финалында қазақ-өзбек балуандары белдеседі
Фото: massaget.kz

Қазақ күресінен Таразда өтіп жатқан «Еуразия барысының» финалына қазақ және өзбек балуандары шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасы бірінші кездесуінде Польша құрамасын 5:2 есебімен жеңсе, өзбектер қырғыз балуандарынан дәл осындай есеп айырмасымен басым түсті. Жартылай финалда өзбектер моңғолдарды жарыс жолынан шығарған Грузия құрамасын ұтып, финалға өтті.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей балуандарын 6:1 есебімен ұтты. Үшінші орынды Ресей және Грузия балуандары сарапқа салады.

Ө. Сансызбай