Қытайда авиамобиль құрастырылды

Қытайда авиамобиль құрастырылды
Фото: www.popsci.com

Қытайдағы ұшақ құрастырумен айналысатын AVIC корпорациясы Тяньцзинде өткен күзгі көрмеде ұшатын робомобиль (авиамобиль) таныстырды. «Жылдам газель» (қытайша «Шай Линг») атауына ие болған көлік салмағы 100 келі, ұшу кезінде орнынан тік көтеріле алады.

Жаңа авиамобиль жерде қалыпты төрт дөңгелекпен қозғалады. Ал көкке көтерілу үшін қанат орнына квадрокоптер технологиясы орнатылған. Автомобиль өнідірісі сәтті іске асса, адамдар жерде де, көкте де қозғалыста болу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Авиамобиль құрастырушыларының бірі Хуанг Шуйлинь жаңа көлік болашақта қолданылатын негізгі транспорт түріне айналатынына сеніммен қарайтынын айтады. Ал авто саласындағы сарапшылардың айтуынша, робомобильге Қытай Халық Республикасының Қарулы күштері қызығушылық танытуы мүмкін. Шай Линг авиамобилі жерде қозғалып, көкке тігінен көтеріле алатындығын ескерсек, әскери мақсатта қолдануға өте тиімді транспорт түрі екеніне көз жеткіземіз.

Ж. Өрісбай