Әсет Исекешев профессор атанды

Әсет Исекешев профессор атанды
Фото: shalkarfm.kz

«Ертіс Инвест-2015» халықаралық инвестициялық форумы барысында ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесімен кездесті, – деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы ПМУ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу орнының ректоры Арын Орсариев министрге университеттің Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырып жатқан жұмыстарын баяндады. 

«ИИД бағдарламасы бойынша өңірдегі кәсіпорындарға кадрлар дайындап жатырмыз, студенттер мен оқытушылар тың жобаларды дүниеге әкеліп жатыр. Ендігі мақсат – осы жобаларды комерцияландырып, табысты жобаларға айналдыру. Университеттің технологиялық орталықтары мен зертханаларында оқытушылар мен студенттер стартап жобалар жасап, одан өздері пайда табуы керек», – дейді университет басшысы. 

Әсет Исекешев жоғары білім ошақтары жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттігін айтты. 

«Павлодар мемлекеттік университеті өңірге ғана емес, Қазақстан бойынша маман даярлауды мұрат еткені жөн. Егер университет білім орталығы болмаса, онда даму, алға жылжу, жаңашыл болу қиынға соғады. Ал С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ірі білім орталығына айналатынына сенім артамын», – дейді Әсет Өрентайұлы. 

Кездесу соңында ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевке «С. Торайғыров атындағы ПМУ Құрметті профессоры» атағы берілді.

 

М. Бисембаева