«Алматы туры» веложарысының ең қызықты сәттері

«Алматы туры» веложарысының ең қызықты сәттері

2015 жылғы «Алматы туры» веложарысы да мәресіне жетті. Үшінші рет ұйымдастырылған дода жоғары деңгейде өтіп, кәсіби велошабандоздар бақ сынады. Әл-Фараби даңғылында алты айналым жасаған қатысушылар барлығы 186 шақырымды басып өтті.

Биылғы додаға 17 елден 150-ге жуық велошабандоз қатысты. Олардың қатарында кәсіби «Астана» мен ресейлік «Катюша» клубтары, ұлттық құрамалардың спортшылары болды. Бір күнге созылған жарыста қазақстандық Алексей Луценко бірінші келіп, екінші жыл қатарынан жеңіс тұғырын бағындырды. Ал біз сіздерге жарыстың ең үздік сәттерінен фоторепортаж ұсынамыз. 

Веложарыс "Нұрлы тау" бизнес орталығы маңынан басталды. Мәре сызығы да осында болды. 

Әл-Фараби даңғылының соңына дейін қатысушылар жеке-дара көш бастауға аса ұмтылған жоқ. 

Велоспортшылар Әл-Фараби даңғылын бойлай жүріп, алты айналым жасады. Әр айналым қашықтығы 31 шақырымнан.

Жарысқа кедергі тудырмау мақсатында жол жиектеріне полиция қызметкерлері мен әскери адамдар тәртіп күзетінде тұрды.

Жарыс жолындағы қауіпті бұрылыстардың бірі. 

Әр айналымды басып өткен сайын велоспортшылар топ-топқа бөліне бастады.

Тұңғыш Президент паркіне қарай бет түзеген велошабандоздар. 

Жарысқа қатысушылар сарғайған жапырақ тасасында алға ұмтылып барады.

Үшінші айналымнан кейін көштен қалып қойған спортшылар аса асықпайды.

Велоспортшылармен қатар жедел жәрдем көліктері де қатар жүрді. 

Спринттік сайыс. Спортшылар барынша алға озуға талпынып келеді. 

Алматыдағы доданы "KazSport" арнасы ғана емес, танымал "Евроспорт 2" спорттық арнасы да тікелей эфирде көрсетті. 

Жарыс тікұшақпен де түсірілді. 

Қосалқы велосипедтерді алып жүрген көліктер керуені. 

Жарысқа қатысушылармен қатарласа жүре алмайтынымыз рас. Олар айналып келгенше көшедегі көз тартарлық көріністерді суретке түсіргенді жөн деп таптық.

Алматыдағы зәулім ғимараттардың бірі. 

Алматы көшелеріндегі "жасыл" велошабандоздар. 

Гүлмен көмкерілген "алып гүл" көрінісі. 

Соңғы айналымда қазақстандық төрт бірдей спортшы көш басына шықты. 

Көшбасшы топ соңғы айналымға аттанды.

Мәреге 20 шақырым қалғанда Алексей Луценко көштен жеке-дара шықты. 

Ол әр сәт сайын қарсыластарынан қара үзуге ұмтылды. 

Нәтижесінде мәре сызығын бірінші болып кесіп, екінші жыл қатарынан чемпион атанды. 

Алексей Луценко 186 шақырым қашықтықты 4 сағат 13 минутта басып өтті. 

Екінші болып мәре сызығын "Астана" клубының легионері Фавио Ару мен ресейлік "Катюша" клубының спортшысы Павел Кочетков кесті.

Жарысқа қатысқан қазақстандықтарға Олимпиада чемпионы Александр Винакуров қолдау білдіріп, ақыл-кеңестерін айтты. 

Жеңімпаздың алғашқы сұхбаты.

Жарыс жеңімпаздарын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев, «Астана» велоклубының президенті Александр Винакуров құттықтап, марапаттады.

ҚР Әнұраны шырқалып, жарыс жеңімпаздары арнайы медальдар және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

"Алматы турының" екі дүркін чемпионы - Алексей Луценко. 

Спортшылар шампан атып, бір-бірін құттықтады. 

Ал арулар спортшыны бетінен сүйіп құттықтап, үлкен велоспорттағы "дәстүрдің" көрінісін қайталады. 

Марапаттау соңынан Алексей Луценко тілшілерге сұхбат беріп, жеңіске жетуіне командаласы Фавио Арудың көп көмегі тигенін мәлімдеді. 

«Алматы туры» веложарысы жылдың басты додаларының бірі. Келер жылы жарыс жолын ұзарту жоспары қаралып отыр. Егер Медеу, Көктөбе секілді көрікті аймақтар бұл жарыс жолының жоспарына енер болса, Алатау бөктерінің табиғаты талайларды таңдандыратыны сөзсіз.