Қазақ хандығының 550 жылдығы: Тараздағы той

Қазақ хандығының 550 жылдығы: Тараздағы той

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлі мереке киелі Тараз топырағында жалғасын табуда. Тарихы тереңнен тамыр тартатын өлкеде өтіп жатқан мереке барша тұрғындар мен қонақтарға ерекше қуаныш сыйлауда. Ал біз сіздерге Тараздағы тойдан фоторепортаж ұсынамыз.  

Қазақ хандығы 550 жылдығының ресми жалаушалары.

Тәуелсіздік монументі және Керей мен Жәнібек хан ескерткіштері.

8 қазан күнгі мерекелік іс-шаралар Тәуелсіздік монументінің ашылуымен басталды. 

Монументтің ашылу салтанатына дайындық таңертеңнен қыза түсті.

Елбасы келетін салтанатты шараны тамашалауға келгендердің қарасы көп болды. 

Олардың қатарында танымал ұлт зиялылары да болды. 

Жазушы Қабдеш Жұмаділовті да көпшілік арасынан байқадық.

Ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменов те құрметті қонақтардың қатарында болды.

Монументтегі Елбасының қанатты сөзі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты жиналған жұртшылық зор қошеметпен қарсы алды.

Қол соғып, құрмет танытты.

Елбасы жиналған жұрттың қолын алып, монументке бет түзеді.

Тәуелсіздік монументінің биіктігі 30 метрді құрайды. Нұрсұлтан Әбішұлының ескерткіштің биігіне қараған сәті.

Ұлт көшбасшысы монументке тағзым жасады. 

Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

Қазақ хандығының 550 жылдығын - татулық пен бірліктің мерекесі деп атады. 

Ашылу салтанаты соңынан Елбасы зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, хал-жағдай сұрасты.

Ресми ашылу салтанатынан қалың жұрт мерекені тойлауға кірісті.

Тәуелсіздік монументінің алыстан түсірілген көрінісі.

Сап түзеген сарбаздар.

"Тараз-Арена" спорт кешені.

"Қазақ хандығына 550 жыл" мерекесін ұйымдастырушы еріктілердің киім үлгісі.

Қала көшелеріндегі мерекелік жалаушалар.

Киелі Тараз топырағындағы Қарахан кесенесі.

"Көне Тараз" тарихи -мәдени орталығы алдындағы Жамбыл Жабаев ескерткіші.

Тараздағы тойға еліміздің барлық өңірі қол ұшын созып, сый жасады. "Көне Тараз" тарихи-мәдени орталығын Алматы облысы сыйға тартыпты.

"Көне Тараз" тарихи-мәдени орталығындағы мұражай.

Бұл саябақ пен мұражай аймағынан да мерекелік көңіл-күйді айқын аңғаруға болады.

Жиналған жұрт "Көне Тараз" тарихи-мәдени орталығы маңына салынатын ғимараттар мен қоғамдық орындардың сызба нұсқасын тамашалады.

Көне Тараз қаласының орны. 

Аспан астындағы мұражайды келушілер толықтай аралап шығуына мүмкіндік болды. 

Көне қаланың қалпына келтірілген шығыс қақпасы.

Сәнді атарбалар да мерекеге көрік сыйлап жүр.

Ал ҚР тұңғыш Президенті саябағына ат басын бұрғанымызда түрлі мерекелік іс-шаралардың куәгері болдық. 

Тастан қашалып жасалған балбал тастар.

Үздік қолөнер туындыларының бірі - аттың ер-тұрманы.

Қолдан жасалған ұлттық ою-өрнектермен нақыштылған ыдыстарды да көзіміз шалды.

Ұлттық аспаптар алаңы.

"Биші" бұғылар.

Отбасымен қыдыруға шыққан жандар бүлдіршіндерін суретке түсіріп, ерекше қуанышқа бөленуде. 

Ұлттық қолөнерді жаңғыртып жатқан ақ жаулықты әжелер.

"Мәңгілік ел тірегі - қазақ хандығы!!!"

Халық түрлі концерттерді тамашалап, қосыла ән шырқады.

Мереке алаңында кітаптар да сатылды. Сатып алушылардың қатары да көп болды.

Ал балалар үшін мерекенің ең қызықты жері - ойын алаңы болды.

Киіз үйлерде келушілерге сый-құрмет көрсетіліп, мерекелік тағамдардан дәм татылды.

Аруға жарасады шолпы таққан...

Киіз үйлердегі ұлттық киім үлгілері.

Мереке көрігін қыздырып жүрген жандар. 

Мереке естелік суреттермен де есте қалады.

Қазақтың ұлттық киімін киген арулар қонақтармен естелік суреттерге түсті.

Ал біз тұңғыш Президент саябағынан шыққанда ымырт үйіріле бастаған болатын. Халықты қуанышқа бөлеген мереке қаладағы түрлі қоғамдық орындарда өз жалғасын тауып жатты.